Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтының (CAIER) мамандары БҰҰ Орталық Азиядағы Жаһандық шартының өкілдігі ұйымдастырған «Жас мамандарға арналған ТДМ инновация акселераторы» байқауында жеңімпаз атанды.
2025 жылдың қаңтарында басталған бұл байқау бірнеше кезеңнен тұрды.
CAIER мамандары – Су ресурстары бөлімінің басшысы Айдана Вайханова және ESG жөніндегі кеңесші Еркебұлан Қаждаров әзірлеген REWATRIX Smart System жобасы Орталық Азиядағы ең үздік жоба деп танылды. Мұндай шешімді Жаһандық шарт желісінің, БҰҰ офисінің Орталық Азиядағы өкілдерінен, тәлімгерлерден тұратын сарапшылар тобы қабылдады. REWATRIX 23 қыркүйекте Нью-Йоркте (АҚШ) өтетін БҰҰ Жаһандық шартының Көшбасшылар саммитінде назарға ұсынылады.
REWATRIX: SMART SYSTEM жобасы Орталық Азиядағы су ресурстарының тапшылығы проблемасын шешуге арналған. Бұл жаңбыр суы мен сарқынды суларды қауіпсіз техникалық ресурсқа айналдырып, шығынды азайтатын, сөйтіп табиғатты қорғайтын және болашақтың орнықты қалаларының негізін қалайтын суды қайта пайдаланудың зияткерлік жүйесі.
REWATRIX көмегімен әрбір пайдаланушы өзінің қанша су тұтынатынын қадағалау, суды қайта пайдаланудың автоматтандырылған сценарийлерін (мысалы, суару немесе техникалық қажеттілікке пайдалану) ендіру мүмкіндігіне ие болады және су ресурстарын тұрақты басқаруға үлес қоса алады. Бұл болашақтың ақылды және экологиялы үйін жасау бағытында жасалған қадам.
«REWATRIX: SMART SYSTEM технологиясы біздің аймақта және одан тыс жерлерде су ресурстарын тұрақты пайдалану мен инновацияларды дамытуға елеулі үлес қосады деген үміттеміз», - деді жобаны жасаушылар Айдана Вайханова мен Еркебұлан Қаждаров.