CAIER ғылыми зерттеулері: Өндіріс факторларының биоәртүрлілікке әсері
Орталық Азия экологиялық зерттеу институтының (CAIER) мамандары ауқымды ғылыми жұмыстар жүргізіп, өндірістік компаниялардың қызметі қоршаған аймақтың биоәртүрлілігіне қалай әсер ететінін анықтады.
Бір жыл бойы CAIER ғалымдары «Пустынное» кен орнының жобалық алаңында атмосфералық ауаны, қар жамылғысын зерттеуді, шу мен діріл деңгейін өлшеуді, жер үсті және жер асты суларын, топырақты зерттеу, радиологиялық зерттеулер, өсімдіктердің, құстар мен жануарлардың жай-күйін тіркеу, камералық қақпандарды орнату жұмыстарын жүргізді.
Қоршаған орта объектілерінің үлгілері CAIER жоғары технологиялық зертханасында талданды және зерттеу нәтижелері бойынша Институт кен орны аумақтың биоәртүрлілігін сақтау бойынша ұсыныстар әзірледі.
Орталық Азия экологиялық зерттеу институтының қарамағында қоршаған ортаны зерттеудің кең ауқымын орындауға қабілетті жоғары технологиялық RnD зертханасы бар.
CAIER-де экология, ESG және геохимия саласындағы жетекші сарапшылар жұмыс істейді.