CAIER

ESG қағидаларын елемеу экономика мен экологияға айтарлықтай қауіп төндіреді

17 мамырда CAIER Қазақстан Республикасының Орнықты даму саласындағы ұлттық мақсат-міндеттердің іске асырылуына мониторинг жүргізу жөніндегі Парламенттік комиссияның отырысына қатысты.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенат Палата Спикері Мәулен Әшімбаев елде ESG қағидаларын орталықтандырылған үйлестіру мен ілгерілетудің жоқтығын атап өтті. Мемлекеттік органдардың өкілдері мен сала мамандары Қазақстанда ESG реттеу мен бастамаларды дамыту бойынша ұсыныстарын айтты. Сарапшылар «жасыл» қаржыландыруды дамыту, ESG ақпаратты ашуды стандарттау, ESG саласындағы ғылыми зерттеулерді дамыту қажеттілігі және т.б. бойынша ұсынымдар берді.

CAIER де өз ұсыныстарын комиссияның қарауына жіберді. Отырыс қорытындысы бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар сарапталып, оларды жүзеге асырудың алдағы қадамдары Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің бақылауында болады.

Қосымша мәліметтер: https://senate.parlam.kz/kk-KZ/news/details/11115
QZ