CAIER

«ESG негіздері» авторлық оқу курстары басталды

Орталық-Азиялық экологиялық зерттеулер институтында (CAIER) «ESG негіздері» алғашқы оқыту тренингі: теория және тәжірибе табысты өтті.

Авторлық курсты CAIER ESG-консалтинг бөлімінің қаржылық емес есеп беру (GRI Сertified Sustainability Professional), сондай-ақ парниктік газдарды бағалау саласында сертификациядан өткен мамандар дайындады.

Әйгерім Оспанова, ESG-консалтинг басшысы, Ләззәт Қайбалдиева, аға ESG-сарапшы,сондай-ақ ESG-мамандары Арслан Оразов и Диана Сәпиева оқыту тренингін дайындады және өткізді.

Шараға нақты және қаржы секторларының, сондай-ақ медицина, білім беру компанияларының, онлайн сауда алаңдарының және тағы басқа салалардың өкілдері қатысты.

Оқыту бағдарламасы CAIER-дың халықаралық стандарттарының және тәжірибесінің негізінде жасалған, ол 3 жыл бойы Қазақстанның және Орталық Азияның сарапшылар қауымдастығы үшін ESG принциптері және тұрақты даму саласында ағарту жұмысын белсенді жүргізіп келеді.

Оқыту курсын дайындау барысында зерттеу жұмыстары жүргізіліп, нарықтың қажеттеліктері мен заңнама талаптары мұқият зерттелді.

Тренинг бағдарламасы климат мәселелеріне, адам құқықтарын басқаруға, ESG-есептіліктерінің стандарттары мен ESG-рейтингтерінің әдістемесіне назар аударатын базалық теорияны қамтыды. Практикалық тапсырмалармен және командамен жұмыс істейтін интерактивтік бөлім бөлек топтамаға біріктірілді.

Шақырылған қонақтардың баяндамалары тренингке қатысушылардың ерекше қызығушылығын және мәселені нақтылайтын көптеген сұрақтарды тудырды, өйткені олар тәжірибелерімен бөлісті және өз компанияларында тұрақты даму принциптерін енгізудің құпияларын ашты.

Әлимә Исембаева, CCI Kazakhstan-ның Орталық Азиядағы тұрақты даму және қоғаммен байланыс жөніндегі директоры, гендерлік және инклюзивті қарым-қатынас тілі бойынша компанияда қолданылатын практикалық жағдайлар туралы айтты.

Өз кезегінде, Бағлана Мусина, Freedom Finance Global PLC ESG департаментының директоры, «Freedom Shapagat» Корпоративтік қорының Президенті, ESG-дегі және үлкен корпорациядағы тұрақты даму жөніндегі есеп дайындау туралы тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар, БҰҰ-ның Орталық Азия елдеріне арналған Жаһандық шартының Оқыту бағдарламаларының менеджері Максим Подберезкин, онлайн-форматта қосылып, БҰҰ-ның Жаһандық шартына қосылудың маңыздылығы мен артықшылықтары туралы айтып берді.

Оқыту курсының қорытындысы бойынша, эколог, CAIER-дың негізін қалаушы, БҰҰ Жаһандық шарты акселераторының амбассадоры Әсел Тасмағамбетова қатысушыларға сертификаттар тапсырды және Орталық-Азиялық экологиялық зерттелер институтына экскурсия жүргізді.




QZ