CAIER

Әсел Тасмағамбетова БҰҰ Орталық Азиядағы Жаһандық шарты аясында марапатталды

Қазақстандық филантроп, кәсіпкер және эколог Әсел Тасмағамбетова БҰҰ Орталық Азиядағы Жаһандық шарты аясында баршаның салауатты өмір сүруін қамтамасыз етуге және әл-ауқатын арттыруға бағытталған Тұрақты даму саласындағы 3-ші мақсатқа жетуге үлес қосқаны үшін марапатталды.

Алматыдағы бірегей орын – Абай атындағы Қазақ Ұлттық опера және балет театрында қазақстандық қоғамның әр түрлі саласының басшылары мен өкілдері бас қосқан салтанатты іс-шарада Тасмағамбетова Орталық Азиядағы Жаһандық шарт аясындағы "ТДМ 2024 пионері" байқауының жеңімпазы деп танылды.

Бұл марапат Орталық Азияның тұрақты дамуына елеулі үлес қосатын қазақстандық бизнесмдерге беріледі.

Тасмағамбетова білім беру, әлеуметтік интеграция және денсаулық сақтау саласына елеулі үлес қосқаны үшін, сондай-ақ 2002 жылы негізі қаланған "Сәби" қорының президенті және Орталық Азиялық экологиялық зерттеулер институтының (ОАЭЗИ), Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектептің және Telli экологиялық косметика брендінің негізін қалаушы ретіндегі жұмысы үшін марапатталды.

"БҰҰ Жаһандық шарты тарапынан осынау марапатқа бөлену – мен үшін және де біздің холдингтің барлық қызметкерлері үшін үлкен мәртебе. Біз мектеп, аурухана саламыз, дарынды балаларға шәкіртақы береміз, әлеуметтік жағынан осал қазақстандықтарға көмектесеміз. Біз планетамызды сақтау және баршамыздың ертеңгі күнімізді жақсырақ ету үшін күресеміз", - деді Тасмағамбетова.

2000 жылы құрылған БҰҰ Жаһандық шарты – бұл бүкіл әлемдегі компаниялардың тұрақты даму және әлеуметтік жауапкершілік саясатын жүргізуіне қозғау салатын, міндетті күші жоқ бастама.

Бұл 167-ден астам елде 20 000-нан астам корпоративтік қатысушы мен басқа да мүдделі тараптарды біріктіретін, корпоративтік тұрақтылық және әлеуметтік жауапкершілік саласындағы әлемдегі ең маңызды бастама.

1979 жылы Атырауда дүниеге келген Тасмағамбетова Орталық Азиядағы экологияны дамытудың жетекші жақтаушыларының бірі болып есептеледі. Ол 2012 жылы негізін қалаған CAIER қазірдің өзінде Орталық Азиядағы аса ірі экологиялық мониторинг зертханасы болып табылады. Ол сондай-ақ Орталық Азиядағы жетекші гомеопатиялық дәріхана саналатын Telli компаниясының бас директоры және халықаралық LEED стандартына сәйкес салынған ТМД-дағы алғашқы оқу орны – Shoqan мектебінің негізін қалаушы.
QZ