CAIER

CAIER алғаш рет MINEX форумында таныстырылды

CAIER (Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты) MINEX-2023 ірі тау-кен геологиялық форумының экспоненті болды.

19-20 сәуірде Астанада тау-кен өндіру өнеркәсібі мен маңызды шикізат ресурстарын дамыту бойынша Орталық Азиядағы ең ірі оқиға - MINEX 13-ші форумы өтті.

"Ұлттық даму игілігі үшін жер қойнауын пайдалану" тақырыбында ұйымдастырылған іс-шараға әлемнің 30 елінен 224 компания мен ұйымдардан 500-ден астам салалық жер қойнауын пайдаланушылар, инвесторлар, министрліктер басшылары мен сарапшылар қатысты.

CAIER 2012 жылы құрылғаннан бері экологиялық бағытты белсенді түрде дамытып келеді, қазіргі уақытта институт экологиялық қызметтердің барлық түрлерін, соның ішінде ESG-консалтингін ұсынады. Ал 2021 жылы геохимиялық бағытты енгізу туралы шешім қабылданды: аналитикалық зертхана қазіргі уақытта келесі қызметтерді орындайды:

* Сынамаларды дайындау;

• Сынақ талдауы (гравиметриялық / атомды-абсорбциялық қорытындымен);

* Индуктивті байланысқан плазмалық масс-спектрометрия (ИБП-МС);

* Атомды-абсорбциялық спектроскопия (ААС);

* Геохимиялық зерттеулер саласында ғылыми жұмыстар жүргізу.

"CAIER RND зертханасында экологиялық және геохимиялық салаларда зерттеулер жүргізуге арналған ең жаңа жабдықтар бар. Институтта аккредиттелген қызметтердің кең спектрі, сонымен қатар бірқатар өнертабыстар мен патенттер бар. CAIER үшін MINEX форумына қатысу кездейсоқ емес, өйткені Институт өз жұмысында халықаралық стандарттарға және БҰҰ ТДМ сәйкес келетін озық тәжірибелерді пайдаланады", - деді CAIER негізін қалаушы, эколог Әсел Тасмағамбетова.

CAIER Қазақстанда кәсіби ESG-тақырыптарын жүйелі дамытуға ерекше назар аударды, осы мақсатта институт кәсіби қоғамдастық үшін бірқатар оқыту іс-шараларын өткізді.

Тұрақты даму және ESG дамытудың маңыздылығын MINEX-тің "Тау-кен металлургия кәсіпорындарын дамыту бағытындағы жасыл трансформация және климаттық менеджмент " финалдық сессиясы да растады.

Тау-кен металлургия өнеркәсібі парниктік газдар шығарындыларының ең ірі үштігіне кіреді. Жасыл трансформация, климатты басқару және тау-кен қалдықтарын басқару қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуға ықпал ету үшін маңызды. Көміртекті бейтараптыққа көшу жаңа өнімдер мен энергетикалық технологияларға үлкен инвестицияларды қажет етеді. Қазақстан тұрақты даму мен жасыл трансформацияны ілгерілету бойынша қадамдар жасауда. Қазақстан өз алдына 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу міндетін қойып отыр. 2025 жылға қарай Қазақстандағы шығарындылардың 80% құрайтын 50 ірі компания ең үздік қолжетімді технологияларға көшеді деп күтілуде.

Сессияда сарапшылар мен сала өкілдері экологиялық заңнама талаптарындағы өзгерістерді және Қазақстанның тау-кен өндіру саласын ESG-трансформациялауды талқылады.
QZ