CAIER

Каспий итбалығын сақтаудағы жаңа кезең

Әсел Тасмағамбетова, CAIER негізін қалаушы, оның базасында Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы құрылған, профессор Rod Wing кездесті. Профессор Rod Wing — геномика, генетика және эволюциялық биология саласындағы халықаралық деңгейде танылған ғалым.

Кездесудің басты тақырыбы — Каспий итбалығының геномын алғаш рет секвенирлеуге бағытталған бірегей ғылыми жоба. Өткен жылы Каспий теңізіндегі экспедициялардың бірінен кейін итбалықтың қан үлгісі KAUST (King Abdullah University of Science and Technology) университетіне жеткізілді. Бүгінде үлгіні секвенирлеу аяқталып, халықаралық серіктестермен бірлесіп геномдық деректерге талдау жүргізілуде.

Бұл зерттеу Каспий итбалығының генетикалық әртүрлілігін, эволюциялық тарихын және Каспий теңізінің бірегей жағдайларына бейімделу ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында Каспий итбалығы популяциясын генетикалық тұрғыдан кеңірек зерттеу, сондай-ақ KAUST, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті және халықаралық ғылыми серіктестер арасындағы ынтымақтастықты дамыту мүмкіндіктері талқыланды.
2026-09-14 14:35 QZ