Алматы қаласы әкімінің орынбасары Олжас Смағұлов Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтында (caier) көшпелі кеңес өткізіп, институт қызметімен танысты.
Ресми сапар аясында эколог, caier негізін қалаушы Әсел Тасмағамебетова Институт сарапшыларымен бірлесіп Алматы қаласы әкімінің орынбасарына ғылыми-зерттеу жұмыстарының аралық қорытындыларын және Алматы қаласының су ресурстарын талдауды ұсынды.
Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты 10 жылдан астам уақыт бойы суды үнемдеу мәселелерімен белсенді айналысып келеді, трансшекаралық суларды зерттеу бойынша бірқатар зерттеулер жүргізді және суды тазартудың патенттелген тәсілдеріне ие, сондай-ақ жаңбыр суын жинауға арналған инновациялық құрылғыларды әзірледі.
Суды ұтымды пайдалану саласындағы ғылыми жұмыстардан басқа, CAIER топырақты мұнай өнімдерінен тазартуға арналған реагентті, сондай-ақ өнеркәсіптік және мұнай өндірісінің қалдықтарынан құрылыс материалдарын өндіру әдісін патенттеді.