CAIER

CAIER мамандары БҰҰ Акселераторындағы оқуын табысты аяқтады

28 наурызда БҰҰ UN Global Compact SDG Ambition Accelerator (БҰҰ SDG Ambition Жаһандық шартының Акселераторы) акселераторының қатысушыларын салтанатты марапаттау өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымы құрған SDG Ambition бағдарламасы бүкіл әлемдегі компанияларды өзінің алдына неғұрлым жоғары мақсаттар қоюға және осы процессте оларды қолдауға ынталандыруға бағытталған. CAIER осы бастамаға қатысушылардың бірі бола отырып, Тұрақты дамудың 17 мақсаттарын өзінің негізгі бизнес-процесстеріне жедел интеграциялауға ұмтылуда.

Ауқымды оқыту шарасына қызметтің түрлі салаларындағы Қазақстанның 40 жетекші компаниясы қатысты. SDG Ambition бағдарламасына серіктес ретінде қатысуға бір қатар оқыту мекемелері де ниет білдірді, олардың арасында Satbayev University, AlmaU, Shoqan school да бар.

Экологиялық зерттеулердің Орталық-Азиялық институты (CAIER) БҰҰ-ның Жаһандық шартына 2023 жылы қосылды. CAIER-дің негізін қалаушы, эколог Әсел Тасмағамбетованы БҰҰ Жаһандық шартының командасы SDG Ambition бағдарламасының Қазақстандағы амбассадоры болуға шақырды.

Тасмағамбетова ханым ESG CAIER департаментінің командасымен бірге SDG Ambition ббадарламасы бойынша сертификациялау оқуын табысты аяқтады.

Өзінің сөзінде CAIER-дің Негізін қалаушы БҰҰ Жаһандық шартының Қазақстандағы өкілі Динара Сейтжапароваға, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэль Фриберг-Сториге және БҰҰ-ның Орталық Азия елдеріне арналған білім беру бағдарламаларының менеджері Максим Подберезкинге жеке алғысын білдірді.

«SDG Ambition-ның оқыту семинарына қатысуға ниет білдіргендердің саны болжанғаннан көп болды. Бұл дегеніңіз, БҰҰ Тұрақты Даму Орталығы (ТДО) – тек стратегияда жалаң сөзбен бекітілген бос мәлімдеме емес, компаниялардың шынайы құндылықтары дегенге сенуге негіз береді! Мен Қазақстандағы SDG ambition — ауқымды істердің бастауы дегенге сенемін! Мен Акселератордың қатысушыларына бүгін өздері белгілеген мақсаттарға қарай алғашқы қадам жасауды тілеймін. Үлкен мақсаттарға апаратын жолдың алғашқы шағын қадамнан басталатыны бесенеден белгілі. Ал күндердің күнінде сіздердің балаларыңыз: Сіз жақсы көретін ТДО қандай? деп сұрағанда, Сіздердің айтар уәждеріңіз болады!», — деген эколог, SDG Ambition бағдарламасының Қазақстандағы амбассадоры Асель Тасмагамбетова болашаққа сенім білдірді.

БҰҰ SDG Ambition Жаһандық шарты Акселератор оқытуы бағдарламасының шеңберінде CAIER Институты стратегиялық мақсатты таңдады — су тапшы аймақтарда тұщы ауыз судың 100 пайыздық қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Кешенді әрекеттер мен шараларды жүзеге асыру жоспарын белсенді түрде жасай отырып, CAIER тек басты мақсатты анықтап қана қойған жоқ, сонымен бірге, осы стратегиялық миссияға қол жеткізудегі алға басушылықты кезең-кезеңмен бағалауға мүмкіндік беретін шағын мақсаттар мен индикаторларды дайындауға қол жеткізді. Компания әр адам су сияқты өмірлік маңыз бар ресурстарға қол жеткізе алатын және тұрақты даму корпоративтік мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын қоғамды қалыптастыруға ұмтылады.
QZ