CAIER

CAIER мен Сәтбаев университеті ынтымақтастық туралы келісті

Сәтбаев атындағы университеттің ректоры Мейрам Бегентаев Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтына (ОАЭЗИ) аталған мекеменің негізін қалаушы эколог Әсел Тасмағамбетованың шақыруымен келді.

Сәтбаев университетінің делегациясы ОАЭЗИ-ның материалдық-техникалық базасы мен ғылыми жетістіктеріне тәнті болды, соның нәтижесінде бірнеше бағыттар бойынша одан әрі ынтымақтастық нұсқаларын зерттеу туралы шешім қабылданды.

Атап айтқанда, Сәтбаев университетінде магистранттар мен докторанттардың қатысуымен бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Сондай-ақ ЖОО студенттерінің ОАЭЗИ- да практикалық тағылымдамадан өту мүмкіндігін қарастыру жоспарлануда, бұл оларға экологиялық салада құнды тәжірибе алуға және алған білімдерін іс жүзінде қолдануға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ студенттердің ESG саласындағы ОАЭЗИ білім беру бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі қарастырылды.

Кездесу барысында Сәтбаев университетінің ректоры еліміздің флора мен фаунасының бірегей түрлерін зерттеу және сақтау мақсатында «Қазақстан Республикасының эндемиктері» жобасының техникалық шарттарын әзірлеу бойынша бірлескен жұмыстарды жүргізуді ұсынды.

ОАЭЗИ-ның Каспий теңізіндегі экологиялық жағдайды зерттеуде үлкен тәжірибесі бар, сондықтан екі жақ Каспий теңізіне қатысты мәселелерді талқылау үшін шетелдік серіктестердің қатысуымен «Дөңгелек үстел/Форсайт» өткізу мүмкіндігін қарастыруға келісті.
QZ