Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты (CAIER) «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 30 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференцияға қатысты. Іс-шара Ақмола облысының Зеренді ауданында өтті.
Конференцияда 2026 жылы жүргізілген Зеренді көлін кешенді зерттеудің аралық нәтижелерімен CAIER ғылыми-зерттеу жұмыстары бөлімінің гидрологы, жоба жетекшісі Ақгүлім Сайлаубек таныстырды.
Зерттеулер «Жобалық аумақтардағы сулы-батпақты алқаптардың жағдайын талдау және деградацияға ұшыраған сулы-батпақты алқаптың өнімділігін қалпына келтіру әдістерін әзірлеу» жобасы аясында жүргізілуде.
Баяндама барысында гидрологиялық, гидрохимиялық және гидробиологиялық зерттеулердің, сондай-ақ көлдің биоалуантүрлілігі бойынша далалық жұмыстардың нәтижелері ұсынылды. Алынған деректер су экожүйесінің жағдайын жан-жақты бағалауға және оның тұрақтылығына әсер ететін факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Зеренді көлінің өзекті экологиялық мәселелеріне, соның ішінде жағалау аумақтарын су басуына және табиғи ортаға антропогендік әсерге ерекше назар аударылды.
Ұсынылған зерттеулер көл экожүйелерін сақтау және қалпына келтіру бойынша ғылыми негізделген шараларды әзірлеу үшін практикалық маңызға ие. Су режимін, судың химиялық құрамын және биологиялық алуантүрлілікті зерттеуді біріктіретін кешенді тәсілі алдағы табиғат қорғау шешімдерін қабылдауға негіз қалыптастырады.
CAIER-дің конференцияға қатысуы зерттеу нәтижелерін ғылыми қауымдастыққа таныстыруға, сала мамандарымен тәжірибе алмасуға және Қазақстанның сулы-батпақты алқаптарын сақтау мәселелеріне назар аударуға мүмкіндік береді.
CAIER бұл бағыттағы жұмысын жалғастыруда. Зерттеу нәтижелері деградацияға ұшыраған сулы-батпақты алқаптардың өнімділігін қалпына келтіру және олардың экологиялық функцияларын сақтау тәсілдерін әзірлеу барысында пайдаланылатын болады.