CAIER

CAIER жаңбыр суын жинауға арналған инновациялық құрылғыны патенттеді

Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты (CAIER) жаңбырдың суын жинауға арналған эргономикалық құрылғыға патент алды.
Құрылма шұңқыр тәріздес су жинағыштан, торлы сүзгіден, тік штангадан, суды бұруға арналған құбыр жүйелерінен және жинақтау блогынан тұрады.
Құрылғы жаңбырдың суы су жинағышқа түсіп, торлы сүзгіден өтіп, суды қайтару үшін орнатылған құбыр жүйесі арқылы төмен ағып, содан кейін су сақтайтын жинақтау блогына өтетін етіп жасалған.
«Институт бірнеше жылдан бері су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесімен айналысып, осы саладағы бірқатар ғылыми еңбектің авторы болып отыр. Біз су үнемдейтін құрылмалардың бірнеше түрін зерделеп, түпүлгілердің барлық кемшілігін ескердік, осының нәтижесінде қолданылуы оңай құрылғыны жасадық: құрылманы құрастыру мен орнату салыстырмалы түрде алғанда оңай, сондай-ақ құны арзан және оны пайдалану тиімді. Айталық, осы құрылманың арқасында Институт техникалық қажеттілігіне пайдаланатын суды тұтыну көлемін 33% қысқартты», - деп эколог, CAIER негізін қалаушысы Әсел Тасмағамбетова құрылғының артықшылықтары туралы айтып берді.
CAIER институтында әзірленген жаңбыр суын жинауға арналған инновациялық құрылғыны өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында, сондай-ақ жасыл желекті суару және қалалардың, ауылдық жерлердің техникалық қажеттілігіне пайдалануға болады деп ұйғарылып отыр.
QZ