CAIER

Мектептегі жасыл түсте білімбері: неден бастау керек?

Тұрақты даму тәртібін, тұрақты даму мақсатын және ESG компанияға қалай енгізу керек екендігі қазіргі сәтте экологиялық стандарттарға сәйкес еместігі үлкен айыппұлдармен қауіп төндіретін өнеркәсіптік кәсіпорындарды ғана қызықтырмай ғана қоймай, тақырыптың маңыздылығын оқу мекемесінде де түсінеді.

11 қазанда Астана қаласында «Білім беру және тұрақты даму: мектеп, колледж, ЖОО».

Юлия Якупбаеваның төраағалығымен Green Urban ұйымдастырған кәсіби пікірталасқа ғылым және жоғары оқу орындар Министрлігінің өкілдері, ЖОО ректорлары, мектеп директорлары және педагогтар, сондай-ақ, нарыққа кәсіби қатысушылар қатысты.

Әсел Тасмағамбетова, эколог, CAIER және Шоқан Уәлиханов атындағы жеке мектептің негізін қалаушы тұрақты дамудың ұстанымдарына толыққанды сәйкес келетін оқу мекемесін құрғаны туралы айтып берді.

«Экологиялылық тек табиғатқа ұқыпты қарауды және шығыстарды оңтайландыруды ғана білдірмейді, соның салдарынан оқушылар, ата-аналар, сондай-ақ, әлеуетті инвесторлар үшін оқу орнының беделі мен абыройын өсіреді.

Балалар үшін энергиялық тиімді ортада тәрбиленген жақсы, олар балалық шағынан жарық, жылу, су деген ресурстарды қалай үнемдеу керек екенін түсінетін болады. Сонымен қатар, мектептерте экологиялық ағартуды экологиялық сәйкестік сертификатын алудан бастау міндетті емес. Ресурстарды саналы түрде тұтынуды сатылай игеруге болады, мысалы, балаларды экологиялық және табиатты қорғау акциясына қатыстыру арқылы.

Шоқан уәлиханов атындағы мектеп ТМД елі бойынша 2021 жылы халықаралық LEED экологиялық сертификатын алған жалғыз мектеп. Жобалау сатысы кезінде біз Shoqan school мектебі және оның экожүйесі экологиялық және үнемді болады деп шештік. Мектептің 4 жыл бойғы жұмысы барысында біз дұрыс стратегия таңдағанымызды түсіндік, себебі, мектептің берген тәрбиесінен келешек ұрпақтың қаншалықты экологиялық тұрғыда саналы болып өсетіні қарастырылады»- деді нық сеніммен эколог Әсел Тасмағамбетова.

Өз қатарында, ҚР ҒжЖОМ жобалық тобының басшысы - Самғат Ермекбаев жаңа мамандықтар Атласына қандай өзекті кәсіптер енгені туралы айтып берді.

URBAN COLLEGE Бас директоры Айнұр Сейтқасымова Астанада тұрақты коллежді құру үшін қолданылған білім аясының жаңа тәсілдерімен және ондағы жетістіктермен бөлісті.
QZ