CAIER

Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы жаңғыртылды

Каспий итбалығын зерттеу және қалпына келтіру орталығы теңіз сүтқоректілерін ветеринариялық өңдеудің соңғы талаптарына сай жаңартылды. Мекеме Ақтау қаласында, бірақ басқа мекенжай бойынша орналасқан.

Ақтау тұрғындары +7 775 101 11 22 телефоны арқылы Қызыл кітапқа енген жануарлар туралы хабарлауды жалғастыра алады.

Орталық қызметкерлері жануар табылған жерге дереу барып, толық ветеринариялық көмек көрсетуге немесе жануарды Орталыққа жеткізуге дайын.

Орталықтың жаңа үй-жайларында Қызыл кітапқа енген жануарларды сауықтыру үшін қосымша мамандандырылған қоршаулар орнатылып, ғылыми зерттеулер жүргізу үшін жеке алаң қарастырылған.

Бұл ветеринариялық аймақтардың прототипі Американың теңіз жануарларын қалпына келтіру орталықтарының бірі болып табылатын Теңіз сүтқоректілері орталығының қоршаулары болды.

The Marine mammal Centre 1975 жылдан бері жұмыс істейді және осы уақыт ішінде осы ұйымның еріктілері 24 000 теңіз сүтқоректілерін сақтап қалды.

Каспий итбалығын сақтау бойынша ауқымды ғылыми-тәжірибелік жұмыс аясында ағымдағы жылдың шілде айында Орталық Азиялық қоршаған ортаны зерттеу институты (CAIER) The Marine mammal Centre мамандарымен онлайн кездесу ұйымдастырды, оның барысында тараптар сирек кездесетін теңіз жануарларын сақтау саласындағы тәжірибелерімен алмасты.

Естеріңізге сала кетейік, Каспий итбалығын зерттеу және қалпына келтіру орталығы 2019 жылы Орталық Азиялық қоршаған ортаны зерттеу институтының (CAIER) базасында құрылған болатын. Орталық Каспий эндемиктеріне ветеринарлық көмек көрсететін Солтүстік Каспийдегі жалғыз мамандандырылған мекеме болып табылады. Орталық қызметкерлері жұмыс барысында 40-тан астам Қызыл кітапқа енген жануарларды аман алып қалды.

2022 жылы басталған жаппай індетке байланысты 2023 жыл бойы Орталыққа тек өлген Каспий итбалықтары туралы хабарламалар келіп түсті.
QZ