CAIER

2026 жылғы Аймақтық Экологиялық Саммитке жетелейтін маңызды қадам атты – «Жасыл Импульс» Диалогы CAIER өтті

2025 жылғы 28 қарашада Алматы қаласы «Жасыл импульс: 2026 жылғы Аймақтық экологиялық саммит» атты маңызды сараптамалық диалог алаңына айналды. Шара Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтында (CAIER) өтті, өңірдің экологиялық трансформациясына бағытталған стартегиялық мәселелерді талқылау үшін бизнес, мемлекет, халықаралық ұйымдар мен ғылыми қауымдастық өкілдерін біріктірді.

Диалог TURAQTY JOL 6.0 Ұлттық әлеуметтік эконауқаны аясында, Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының Федерациясымен бірлесіп CAIER және Орталық Азия климаттық қорының ұйымдастыруымен өтті. Шараның бас серіктесі ЦентрКредит Банкі және ресми серіктесі Chevron компаниясы болды.

Диалогтың күн тәртібінде қаржы секторындағы реттеуші бастамалар, көміртекті трансформация, жасыл экономикаға көшу, қалдықтарды басқару және анти-гринвошинг мәселелері қаралды.

CAIER негізін қалаушысы Асель Тасмагамбетова қазіргі үрдістерге тоқталып өтті:

«Бес жыл бұрын ESG ұғымын бизнестің өзіне түсіндіруге тура келетін. Бүгінде сұрақ мүлде басқа: тұрақты даму қажет пе деген емес, оны қалай тиімді енгіземіз және қандай жаһандық сын-қатерлерге жауап береміз? Бұл – ESG тәсілдерінің бизнес саясатының ажырамас бөлігіне айналғанының көрінісі».

Қатысушылар сонымен қатар ашықтықты арттыру, сенімді нығайту, инновациялық шешімдер еңгізу және өңірлік үйлестіруді күшейту қажеттілігін атап өтті.

2026 ЖЫЛҒЫ АЙМАҚТЫҚ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САММИТІНЕ ДАЙЫНДЫҚ

Диалог - 2026 жылы өтетін Аймақтық экологиялық саммитке дайындықтың маңызды кезеңдерінің бірі. Жиындық климаттық, экологиялық және индустриялық басымдықтарды қамтитын РЭC-2026 арналған ұсынымдар жобасына қатысты ұсыныстар талқыланды.

Шара Орталық Азия елдері мен халықаралық әріптестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға жаңа серпін берді.
2025-12-01 15:44 QZ