CAIER

CAIER – 12 жаста!

Бүгін Орталық Азиялық экологиялық зерттеулер институты (CAIER) 12 жасқа толды!
CAIER-дің негізін қалаушы – Әсел Тасмағамбетова, эколог, «Сәби» қайырымдылық қорының президенті, ҚазҰУ-де экологиялық құқық пәнінен сабақ берді, сөйтіп жүріп, пікірлес студенттермен тәуелсіз экологиялық зерттеулер жүргізетін институт ашу туралы шешім қабылдады.
Жұмыс істеген жылдарда институт экология саласында бірқатар инновациялық өнертабыстарға патент алды, атап айтқанда:
су мен топырақты мұнай мен мұнай өнімдерінен тазартуға арналған реагент, мұнаймен ластанған топырақтан құрылыс материалдарын алуға арналған құрам.
CAIER ESG консалтингін, геохимиялық және ғылыми-зерттеу жұмыстарын қоса алғанда, экологиялық қызметтердің барлық түрлерін көрсетеді, сонымен қатар, өндірістік қалдықтарды өңдеу және кәдеге жарату мәселелерін шешуге көмектесетін өз RnD зертханасына ие.
2015 жылдан бері CAIER-дің жетекшілік етуімен каспийлік итбалықтар санының азаюын және Каспий теңізіндегі апатты жағдайды зерттеу мақсатында 8 халықаралық экспедиция ұйымдастырылды. Осы экспедициялар жинақтаған мәліметтер 2020 жылы Каспий итбалығын Қазақстанның Қызыл кітабына енгізуге негіз болды.
2019 жылы CAIER базасында Каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы ашылды, ол Солтүстік Каспийдің эндемикасына ветеринариялық көмек көрсететін жалғыз мамандандырылған мекеме.
Біз CAIER ұжымын мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз және жұмысына табыс, жаңа қызықты жобалар мен дамудың шексіз көкжиегін тілейміз!


QZ