CAIER Қырғызстанда ESG қағидаларын дамытуға қатысады
Орталық Азия Экологиялық зерттеулер институты (CAIER) мен Қырғызстанның Банктер одағының Тұрақты даму академиясы Қырғыз Республикасының қаржы секторында тұрақты даму және ESG қағидаларын интеграциялауға бағытталған Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім Қырғызстанда нарыққа қатысушылардың құзыретін арттыруға және тұрақты қаржыландырудың қажетті шарттарын дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді серіктестік құрудың негізі болады. Серіктестік елімізде ESG күн тәртібін күшейтуге көмектесетін әртүрлі қызметті қамтиды. Ынтымақтастық шеңберінде мынадай іс-шаралар жоспарланып отыр: ·Қаржы ұйымдарының мамандары мен басшыларына арнап ESG қағидалары мен тұрақты қаржыландыру қағидаларын енгізу мәселелері бойынша оқу іс-шараларын өткізу; ·Банктік және корпоративтік сектор қызметіне ESG және тұрақты даму тәсілдемелерін енгізуге кеңес беріп қолдау көрсету. Бірінші бірлескен іс-шара «Қаржы секторындағы климат күн тәртібі» атты оқу сессиясы болмақ, онда тақырыптың өзектілігі ашылып, қаржы ұйымдарының мамандарына кейбір тәжірибелік дағды беріледі.
Қырғызстанның Банктер одағы және Тұрақты даму академиясы туралы
Тұрақты даму академиясы 2024 жылғы 26 сәуірде Орталық Азия мен Түркияда ESG тәжірибесін дамыту жөніндегі IFC бағдарламасының қолдауымен ресми түрде қызметін бастады. Академия Қырғызстанның қаржы және корпоративтік секторында тұрақты даму және ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) қағидаларын ілгерілету мақсатын көздейді. 2005 жылы құрылған Қырғызстанның Банктер одағы қаржы секторының алдында тұрған мәселелерді бірлесіп шешу үшін 20 коммерциялық банкті, екі ірі микроқаржы компаниясын, Банкаралық процессинг орталығын, Кепілдік қорын, Қырғыз Республикасының Мемлекеттік даму банкін, «Сейф энд Саунд» кредит бюросын және қауымдасқан үш мүшені біріктіреді.
CAIER туралы CAIER — экологиялық қызмет көрсету, сондай-ақ тұрақты даму және ESG саласында кеңес беру саласында 12 жылдан астам тәжірибесі бар Қазақстанның компаниясы. Экологиялық мониторинг жөніндегі аккредиттелген зертханасы және ғылыми аккредитациясы бар CAIER экологиялық мониторинг жасау, биоалуантүрлілікті сақтау, қалдықтарды басқару және суды ұқыпты тұтыну бойынша кешенді бағдарламаларды іске асырады, мұның өзі Орталық Азия елдерінде қоршаған ортаны сақтауға септігін тигізіп отыр. Cонымен қатар CAIER корпоративтік басқару саласына ESG қағидаларын ендіруге маманданған. Компания Қазақстанның қаржы нарығындағы ойыншылармен ортақ жобаларды сәтті іске асырып, Орталық Азия елдеріндегі қызмет ауқымын кеңейтіп, корпоративтік жауапкершілік пен тұрақты өсудің озық стандарттарын енгізуге жәрдемдесіп отыр.