CAIER — External Reviewer ICMA
Орталық Азия экологиялық зерттеулер институты
Тұрақты облигацияларға сыртқы бағалау

Жасыл, әлеуметтік, тұрақты, sustainability-linked және transition finance құралдары бойынша SPO және верификация

CAIER тұрақты қаржыландыру құралдары бойынша тәуелсіз сыртқы бағалау қызметтерін ұсынады. Біз эмитенттерге, қаржы институттарына және облигация шығарылымын ұйымдастырушыларға sustainable finance framework, есептілік және әсерді ашу тәжірибесін ICMA қағидаттары мен халықаралық нарық талаптарына сәйкестендіруге көмектесеміз.

Возобновляемая энергетика

CAIER ICMA External Review Service Mapping тізіміне енгізілді

CAIER тұрақты қаржыландыру құралдары бойынша сыртқы бағалау қызметтерін көрсететін ұйымдардың халықаралық шолуы болып табылатын ICMA External Review Service Mapping тізіміне енгізілген.

CAIER жасыл, әлеуметтік, тұрақты, sustainability-linked және transition finance құралдары бойынша Second Party Opinion, pre-issuance external review, post-issuance verification, қаражатты бөлу туралы есепті тексеру және әсер туралы есепті тексеру қызметтерін ұсынады.

CAIER тәсілі ICMA External Review Guidelines және тұрақты қаржыландыру саласындағы қолданылатын нарықтық қағидаттармен ерікті түрде сәйкестендірілген.

Ескертпе: ICMA external reviewer ұйымдарын сертификаттамайды, аккредиттемейді және ресми түрде мақұлдамайды. CAIER-дің ICMA External Review Service Mapping тізіміне енгізілуі ICMA тарапынан сертификаттау немесе мақұлдау болып саналмайды.

Біз тұрақты қаржыландырудың негізгі құралдары бойынша сыртқы бағалау жүргіземіз
Green Bondsжасыл облигациялар

SPO, framework review, allocation verification, impact verification

Social Bondsәлеуметтік облигациялар

SPO, әлеуметтік жобаларды бағалау, әлеуметтік әсерді тексеру

Sustainability Bondsтұрақты облигациялар

Green/social framework бағалау, SPO, impact verification

Sustainability-Linked BondsSLB

KPI, SPT, мақсаттардың амбиция деңгейі және есептілікті бағалау

Transition Financeinstruments

Transition plan, decarbonization pathway, SPO және verification бағалау

CAIER external review қызметтері

SPO

Эмитенттің sustainable finance framework құжатын және оның ICMA қағидаттары мен инвесторлар күтулеріне сәйкестігін тәуелсіз бағалау.

Pre-Issuance Review

Облигация шығарылғанға дейін framework, eligible project categories, жобаларды іріктеу рәсімдері, қаражатты басқару және есептілік міндеттемелерін бағалау.

Post-Issuance Verification

Облигация шығарылғаннан кейін қаражаттың нақты бөлінуін және impact reporting сапасын тексеру.

Allocation Report

Облигациядан түскен қаражаттың eligible projects бағыттарына бөлінуін тәуелсіз тексеру.

Лабораторная и техническая экспертиза CAIER

Impact Report

Экологиялық және әлеуметтік әсер көрсеткіштерін, есептеу әдістемесін, бастапқы деректерді және ашып көрсету сапасын бағалау.

SLB Review

KPI, Sustainability Performance Targets, базалық көрсеткіштер, мақсаттардың амбиция деңгейі және есептілік міндеттемелерін бағалау.

Transition Review

Transition strategy, decarbonization pathway, климаттық мақсаттар және transition-related claims сенімділігін бағалау.

Framework Support

Green, social, sustainability, SLB немесе transition finance framework әзірлеу және жетілдіру бойынша әдістемелік қолдау.

Неліктен CAIER таңдалады

Халықаралық танылу

CAIER ICMA External Review Service Mapping тізіміне енгізілген және қолданылатын халықаралық нарық қағидаттарына сәйкес сыртқы бағалау қызметтерін көрсетеді.

Дамушы нарықтардағы тәжірибе

Біз Қазақстан, Орталық Азия және басқа да дамушы нарықтардағы компаниялардың ерекшеліктерін түсінеміз: деректер сапасы, реттеушілік талаптар, экологиялық тәуекелдер және жергілікті жобалардың ерекшелігі.

Қаржылық және ESG сараптамасының үйлесімі

CAIER командасы тұрақты қаржыландыру, ESG есептілігі, корпоративтік басқару, risk management және капитал нарықтары саласындағы тәжірибені біріктіреді.

Техникалық экологиялық сараптама

CAIER климат, су ресурстары, қоршаған орта мониторингі, биоәртүрлілік, қалдықтар, өнеркәсіптік экология және зертханалық бағалау салаларында қолданбалы тәжірибеге ие.

Толық цикл бойынша қолдау

Біз эмитентті облигация шығару идеясынан бастап framework әзірлеу, SPO, облигацияны орналастыру, allocation reporting және post-issuance verification кезеңдеріне дейін сүйемелдей аламыз.

Орталық Азия мен жаһандық капитал нарықтары арасындағы көпір

CAIER өңірлік тұрақты жобаларды халықаралық инвесторлар, биржалар және қаржы институттары түсінетін форматта ұсынуға көмектеседі.

Біздің external review тәсіліміз
CAIER
01

Бастапқы консультация

Біз құрал түрін, мәміле құрылымын, мақсатты инвесторларды, қолданылатын стандарттарды және қолда бар құжаттарды анықтаймыз.

02

Framework және eligible projects талдауы

Жоба санаттарын, іріктеу критерийлерін, шектеулерді, governance process және ICMA қағидаттарына сәйкестікті бағалаймыз.

03

Қаражатты басқаруды бағалау

Эмитенттің облигациядан түскен қаражатты бақылау, бөлу және басқару тәсілін талдаймыз.

04

Есептілікті бағалау

Allocation reporting және impact reporting бойынша міндеттемелерді, көрсеткіштерді, әдістемені және ашып көрсету жиілігін тексереміз.

05

ESG және техникалық бағалау

Қажет болған жағдайда CAIER жобалардың экологиялық, әлеуметтік, климаттық, су, biodiversity немесе transition credibility аспектілерін бағалайды.

06

Draft opinion дайындау

Біз алдын ала есеп дайындаймыз, нақтылау сұрақтарын жібереміз және ұсынылған ақпараттың толықтығын тексереміз.

07

Финалдық есеп

CAIER эмитент, ұйымдастырушы, биржа және инвесторлар қолдана алатын финалдық SPO немесе verification report шығарады.

08

Post-issuance support

Облигация шығарылғаннан кейін біз allocation және impact reporting бойынша жыл сайынғы тексеру жүргізе аламыз.

Біз жұмыс істейтін салалар
Банктер және қаржы институттары Жаңартылатын энергия және энергия тиімділігі Су инфрақұрылымы және сарқынды суларды тазарту Жасыл ғимараттар және жылжымайтын мүлік Қалдықтарды басқару және циркулярлық экономика Таза көлік және төмен көміртекті логистика Mining and metals transition Өнеркәсіпті декарбонизациялау Ауыл шаруашылығы және азық-түлік жүйелері Климатқа бейімделу және тұрақтылық Білім беру және денсаулық сақтау Қолжетімді тұрғын үй және әлеуметтік инфрақұрылым Биоәртүрлілік және экожүйелерді қалпына келтіру
Клиент не алады
Жұмыс көлеміне қарай CAIER келесі нәтижелерді ұсына алады:
  • Second Party Opinion report
  • Pre-issuance external review report
  • Post-issuance verification report
  • Allocation report verification statement
  • Impact report verification statement
  • SLB KPI/SPT assessment report
  • Transition finance review report
  • Gap analysis report
  • Framework жақсарту бойынша ұсынымдар
  • Инвесторларға арналған қысқаша түйін